13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңызЖетісу облысында соңғы екі тәулікте жол апатынан бес адам қайтыс болды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Соңғы екі тәулікте Жетісу облысының автожолдарында ауыр зардаптарға әкеп соққан 5 жол апаты болды. Үш жол апатында 5 адам қаза тауып, екі жол апатында 2 бала зардап шекті.
1 қазан күні Панфилов ауданында Алмалы ауылының 43 және 41 жастағы екі тұрғын мопедмен электр бағанасына соқтығысып, қайтыс болды.
Сондай-ақ 2 қазанға қараған түні Талдықорған маңында 36 және 32 жастағы екі ер адам Toyota Сamry көлігімен жол жиегіндегі ағашқа соғылып, қаза тапты. Дәл осындай жол-көлік оқиғасы Fiat Croma көлігінің қатысуымен Көксу ауданында болды, Балпық би — Қаратал тас жолының 2-шақырымында жол-көлік оқиғасы салдарынан 49 жастағы әйел қаза тапты.
Ақсу және Көксу аудандарында кәмелетке толмағандар зардап шеккен тағы екі жол-көлік оқиғасы тіркелді, онда 9 және 16 жастағы мектеп оқушыларын көлік қағып кеткен. Екі жасөспірім де жарақатпен ауруханаға жеткізілді.
Әрбір факті бойынша қылмыстық тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Қажетті сараптамалар тағайындалып, тиісті материалдарды жинай отырып, әр жол-көлік оқиғасы мұқият зерттеледі. Болған оқиғаны қатаң талдап, барлық жағдайлар мен себептер анықталатын болады.
13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?10 Қыркүйек, 12:44
«Маугли қыз»: 17 жастағы қырғыз қызының ерекше қабілеті көпшілікті таңғалдырды