19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?Алакөл ауданы аумағында ақтүтек боран соғып, көлік жолдарына шектеу қойылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Kazinform-ға сілтеме жасап.
Үшарал - Достық бағытындағы республикалық автожолы кешеден бері көліктің барлық түрі үшін жабық тұр. Соған қарамастан алыс жолдан келе жатқан немесе ескертуді елемей жолға шыққан көліктер жолда қалып, құтқарушылардың көмегіне жүгініп жатыр.
Қазірге дейін Алакөл ауданы аумағында жолда қалған 49 автокөлікке көмек көрсетілді.
- Қар құрсауында қалған 39 адам құтқарылды. Оның ішінде Достық стансасына баратын автобусқа мінген Беларус республикасының 15 азаматы бар. Адамдар аман, медициналық көмекке жүгінбеді, - деп хабарлады Жетісу облыстық ТЖ департаментінің баспасөз қызметі.
19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары