Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекОблыс бойынша 58 сел қаупі бар учаске және 416 мореналық көл бар, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Табиғи сипаттағы қауіпті төтенше жағдайлардың алдын алу және мониторингілеу мақсатында, ағымдағы жылдың 17 тамызында ТЖД қызметкерлері мен Қазселденқорғау ММ мамандары мореналық көлдердің жай-күйіне аэровизуалды тексеру жүргізді.
Мақсаты – «Жетісу Алатау» тау жотасындағы мореналық көлдердің, Бүйен, Ақсу, кіші және үлкен Басқан, Сарқан және Лепсі өзендерінің арналары бассейндерінің жай-күйін бағалау.
Жалпы, облыс бойынша 58 сел қаупі бар учаске және 416 мореналық көл бар.
Зерттеу нәтижелері бойынша мореналық көлдердің мұз бен қардан ашық екендігі, биік таулардағы қысқы қар ерігені, мұздықтардың еруі, мореналық көлдерге салалар максималды мәннен төмен екендігі анықталды. Көлдердегі су деңгейі қалыпты шектерде, өзен арналары бос, кептелістер жоқ, қауіпті гидрометеорологиялық құбылыстар анықталған жоқ, зерттелген маршрут бойынша жағдай тұрақты.
Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекКеше, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?