19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?Жетісу облысында бір түнде екі адам жол апатынан қаза тапты, деп хабарлады El.kz ақпарат агенттігі turkystan.kz-ке сілтеме жасап.
Панфилов ауданында "HILUX PICK UP" автокөлігінің 58 жастағы жүргізушісі "Қоңыролен-Сарытөбе" автожолымен келе жатып, 47 жастағы ер адамды қағып кетті. Ескелді ауданы Алдабергенов ауылында "MAZDA-626" дөңгелегінің астына 39 жастағы ер адам түсті. Екі жаяу жүргінші де алған жарақаттарынан оқиға орнында қайтыс болды.
Әрбір факті бойынша қылмыстық тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Қажетті сараптамалар тағайындалып, тиісті материалдарды жинай отырып, әр жол-көлік оқиғасы мұқият зерттеледі. Болған оқиғаны қатаң талдап, барлық жағдайлар мен себептер анықталатын болады. Полиция тағы да азаматтарды автожолдарда қырағылық танытып, ұқыпты болуға шақырады.
19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары