20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекЖетісу облысында 2024-2025 оқу жылына 1 сыныпқа 13 мың бала барады. Бүгінге дейін 11 200-ге жуық баланың ата-анасынан өтініш түсті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Облыстық білім басқармасының мәліметіне қарағанда, 2024-2025 оқу жылына 1 сыныпқа құжат қабылдау 1 сәуірден басталған.
Биыл Жетісу өңірінде 2024-2025 оқу жылына 1 сыныпқа 13 мың бала келеді деп жоспарлап отырмыз. 1 сәуірден бастап бүгінгі күнге дейін 11 194 өтініш түсті. Оның ішінде 1055 балаға өтініш egov.kz порталы арқылы, 10110 балаға өтініш e-zhetysu.kz электронды қызмет көрсету порталы арқылы, 29 балаға өтініш қағаз жүзінде қабылданды. Бүгінгі күні қабылданған балалардың 74,6% қазақ сыныптарына, 21,6% орыс сыныптарына, 4,1% ұйғыр сыныптарына қабылданды. Құжаттарды қабылдау 31 тамызға дейін жалғасады, - дейді білім басқармасының өкілдері.
Еске салсақ, ата-аналар құжаттарды egov.kz және Жетісу облысы әкімідігінің e-zhetysu.kz электронды қызмет көрсету порталы арқылы тіркеп, өтініш бере алады. 1-сыныпқа қабылдауға қажетті құжаттар тізімінде баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі; 052-2/у нысаны бойынша денсаулық паспорты; 3х4 көлеміндегі фотосуреттің екі данасы бар. Сол сияқты қажеттілігіне қарай ПМПК тұжырымдамасы керек болуы мүмкін (ерекше білімді қажет ететін балалар үшін).
Өтінішті үй жағдайында, Халыққа қызмет көрсету орталықтарында, мектептерде орналасқан өзін-өзі қызмет көрсету бұрыштарында тапсыруға болады.
20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?