Кеше, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдарыЖетісу облысының Алакөл ауданы Бескөл станциясында он тоғыз үйдің аулаларынан еріген қар суын шығару жұмыстары бүгін күні сағат 12.20-да толығымен аяқталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Аумақта Төтенше жағдай департаменті мен жергілікті атқарушы органдар бірлесіп шамамен 50 адам және 14 бірлік техника жұмыс істеді. Олардың күшімен 420 м үйінді дамбысы орнатылып, сондай-ақ аула учаскелерінен 1262 текше метр еріген қар суы сорып шығарылды. Сөйтіп жедел қабылданған шаралардың арқасында тұрғын үйлерді су басу қаупі төмендетілді.
Еске салсақ, 2024 жылғы 10 наурызда қардың қарқынды еруі салдарынан Алакөл ауданы Бескөл станциясында 19 жеке тұрғын үй аулаларының аумағын су басқан болатын. ТЖД қызметкерлері оқиға орнында кешеден бері жұмыс істеді.
Кеше, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар