Кеше, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлікЖетісу облысында полиция ақбөкен мүйіздерінің ірі партиясын тәркіледі, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Облыстық Полиция департаменті Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері ҚР ҰҚК Шекара қызметінің Жетісу облысы бойынша департаменті өкілдерімен бірлесіп Жаркент қаласы көшелерінің бірінде Mitsubishi Galant көлігін тоқтатқан.
Автокөліктің салоны мен жүксалғышында ақбөкен мүйізі бар 6 қорап пен сөмкелер табылды. Олардың жалпы саны 1382 бірлікті құрады. Сирек кездесетін жануарлардың дериваттарымен заңсыз айналысу фактісі бойынша қажетті сараптамаларды тағайындаумен қылмыстық іс қозғалды, – деп атап өтті ПД бастығының орынбасары Елдар Әбдікенов.
Үш күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды, тергеу әрекеттері жүргізілуде.
Кеше, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер