11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керекЖетісу облысында апатты және үш ауысымды мектептер жоқ. Бұл туралы өңір әкімі Бейбіт Исабаев айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Әкімнің сөзінше, өңірде 37 бейімделген мектеп мәселесі бар. Бұл мәселе алдағы 4-5 жылда шешіледі.
Оның мәліметінше, биыл жоспарланған 6 мектептің бесеуі іске қосылды, жыл соңына дейін Талдықорғанда 1200 орындық бір мектеп пайдалануға беріледі, олардың екеуі «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында салынып жатыр.
Жалпы 2026 жылға дейін облыста 21 жаңа мектеп салынады, оның жетеуі «Жайлы мектеп» бағдарламасы шеңберінде салынады, - деді әкім ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында.
Сонымен қатар Бейбіт Исабаев денсаулық сақтау саласында 8 нысанның құрылысы жүргізіліп жатқанын айта кетті. Оның екеуі биыл қолданысқа берілді, алтауы келесі жылы тапсырылады.
Жергілікті бюджет есебінен биыл 21 блокты-модульдік медициналық пункт орнатылды, жыл соңына дейін тағы алтауы, ал 2025 жылға дейін 35-і салынады. «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы шеңберінде 2025 жылға дейін 59 нысан салу жоспарлануда.
Мәдениет және спорт салаларында 18 нысанның құрылысы жүргізілуде, оның ішінде 8 нысан қолданысқа берілді. 10 нысан келесі жылы беріледі, - деді әкім.
11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?10 Қыркүйек, 12:44
«Маугли қыз»: 17 жастағы қырғыз қызының ерекше қабілеті көпшілікті таңғалдырды10 Қыркүйек, 09:01
Швейцарияға барсаңыз, осы қателіктерді жасамаңыз: тәжірибелі гидтен 15 кеңес