Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекМәдениет және спорт вице-министрі Ержан Еркінбаев Қонаев қаласында Алматы облысының тұрғындарымен және өңірдің туристік индустрия өкілдерімен есеп беру кездесуін өткізді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
100-ге жуық адам қатысқан жиында өңір үшін туризм саласындағы өзекті мәселелер талқыланды. Мысалы, орналастыру орындарындағы әрбір турист үшін бизнестен алынатын алым пайызының көлемі (Bed Tax), туристерді Алматы мен Қонаев қалалары арасында тасымалдау, өңірдің туристік нысандарын электр қуатымен және сумен қамтамасыз ету, сондай-ақ таулы туристік дестинацияларға баратын саяхатшыларға автобустар бөлу сұрақтары көтерілді.
Вице-министр барлық мәселелер қарастырылатынын, сондай-ақ өңірдегі туристік сектордың дамуын жақсарту үшін Үкімет пен мүдделі тараптардың бірлескен күш-жігерінің маңызын атап өтті.
«Кездесуде көтерілген мәселелерді шешу Алматы облысында туризм индустриясын одан әрі дамытуда өте маңызды, оларға бей-жай қарауға болмайды. Әрбір ұсыныс мұқият зерттеледі. Әрине, жақсы нәтижеге қол жеткізу үшін біз жергілікті әкімдіктермен және жеке сектормен белсенді ынтымақтасатын боламыз», – деді Ержан Еркінбаев.
Сондай-ақ, вице-министр Жетісу облысындағы «Алтынемел» ұлттық саябағында жаңа визит орталығының ашылуына қатысты. Altynemel деп аталатын нысан ыңғайлы дәретхана бөлмелерімен жабдықталып, оның аумағында ұлттық тағамдар дәмханасы мен кәдесый өнімдері бар стендтер қойылады.
Сонымен қатар, келушілер орталығында панорамалық көрініс пен стационарлық дүрбілері бар бақылау палубасы салынып, сондай-ақ велосипедтерді жалға алу қызметі де ұсынылатын болады. Келушілер кәсіби гидтердің сүйемелдеуімен экскурсияларға тапсырыс бере алады және барлық қажетті ақпаратты біле алады.
«Экотуризмге сұраныстың артуына байланысты жаңа визит орталық өңірде туризмді дамытуда және қонақтар мен жергілікті тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуде маңызды рөл атқарады. Әлемдік экологиялық стандарттарға сәйкес келетін бұл нысан ұлттық саябақтың көркіне айналатынына сенімдімін»,- деді Мәдениет және спорт вице-министрі Ержан Еркінбаев.
Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекКеше, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?