20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекЖетісу облысында кезекте тұрған 19 көп балалы отбасы Талдықорған қаласындағы «Береке» коттедж қалашығынан баспаналы болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Жетісу облысы әкімдігінің мәліметінше, өткен жылдың соңынан бері мұнда 74 отбасы қоныс тойын тойлады.
Облыс әкімі Бейбіт Исабаевтың тапсырмасы бойынша аталған коттедж қалашығының проблемалық мәселелерін шешу бойынша шаралар қабылдануда. Ол негізінен құрылыс сапасына байланысты мәселелер. Атап айтқанда, жөндеу жұмыстары жүргізіліп, салынып бітпеген үйлердің құрылысы аяқталуда. Барлығы 204 проблемалық коттедж анықталды. Барлық ескертулер мен кемшіліктер жойылғаннан кейін 25 коттедж өткен жылдың соңында кезекте тұрғандарға тапсырылды, ал тағы 30 коттедж өткен аптада тапсырылды. Бүгін кезекте тұрғандарға тағы 19 кілт табыс етілді. Қалғандары кезең-кезеңмен пайдалануға берілетін болады. Жалпы, биыл коттедж қалашығының құрылысын толық аяқтау жоспарланған.
Бақытты қоныс иелерінің арасында жеті баланың анасы Әлия Аталықова да бар. Оның отбасы бүгін армандаған кілтке ие болды:
Баспана кезегінде 15 жыл тұрдым. Бала-шағаммен бір жалдамалы пәтерден екіншісіне үнемі көшу қиын болды. Біз ұзақ күткенімізге қарамастан, бүгін біздің отбасымызда үлкен және бақытты қоныс тойы өтті. Сол үшін барлық қатысушыларға шынайы алғысымды білдіремін. Жаңа қоныс иелеріне амандық тілеймін, - деді көпбалалы ана.
Айта кететін жайт, Жетісу облысында тұрғындарды баспанамен қамтамасыз ету жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Талдықорған қаласының өзінде өткен жылы кезекте тұрғандардың ішінен 1283 отбасы тұрғын үймен қамтамасыз етілді, ал биыл 1400-ден астам тұрғынды қамту жоспарланған. Жалпы, биыл облыс орталығында жаңа шағынаудандарда тұрғын үй салу, жолдарды жөндеу, жылу желілерін, арық желілерін қайта жөндеу және жаңа әлеуметтік нысандарды салу жұмыстары жалғасады. Қаланың ескі шағынаудандарының архитектуралық келбетін жаңартуға, үйлердің шатыры мен қасбетін қайта жаңартудан бастап, аула аумақтарына дейін назар аударылатын болады. Оның үстіне Талдықорғанды жаңа саябақтар мен скверлер көріктендіре түседі.
20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?