Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыЖетісу облысының полицейлері 100-ге жуық оқушыға профилактикалық дәріс өткізді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Жасөспірімдермен кездескен тәртіп сақшылары олардың назарын демалыс кезеңінде қандай да құқық бұзушылыққа бармау керектігін айтты. Оқушыларға демалысты пайдалану және спорт секциясына жазылу немесе музыка, би және басқа да қызықты хоббимен айналысу ұсынылды.
Кездесу Талдықорған қаласының Б. Жолбарысұлы атындағы мектеп-лицейінде өтті, оған 100-ге жуық оқушы қатысты. Іс-шараның мақсаты – жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтардың алдын алу, жастардың белсенді өмірлік ұстанымын қалыптастыру және салауатты өмір салтын насихаттау. Ашық диалогта біз балаларды ересектердің жаман әдеттерінен бас тартуға шақыруға тырыстық. Яғни оларға темекі шегудің, алкогольді, есірткіні, уытты және басқа да ықтимал қауіпті психотроптық заттарды қолданудың зияны туралы айтта өттік, – дейді Жетісу облысы ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасында.
Іс-шара барысында полицейлер кәмелетке толмағандарға талқыланатын тақырыптың құқықтық жағын, яғни алкоголь мен есірткіге құмар болу жағдайында қауіп төндіретін жауапкершілік туралы түсіндірді.
Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді