19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?ҚМА Жетісу облысы бойынша департаменті Бақылау-есепке алу маркалары жоқ акцизделетін (темекі) өнімдерді тасымалдады деген күдікке ілінген азаматқа қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Жүк көлігін тексеру барысында жалпы құны 7 млн теңгеден асатын, тіркеу және бақылау белгілері жоқ 10 мыңнан астам қорап темекі өнімдері табылып, тәркіленді. Осы жайтқа байланысты сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүріп жатыр.
ҚР ҚПК 201-бабына сәйкес, тергеу мүддесін көздейтін өзге мәліметтер таратуға жатпайды.
ҚР Конституциясының 77-бабының 3-тармағының 1-тармақшасына және ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 19-бабының 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әркім кінәсіз деп есептеледі.
19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары