Бүгiн, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожеліЖетісайда садақа жәшігін ұрлаған қылмыскерлер қолға түсті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Жетісай аудандық полиция бөліміне садақа жәшігіндегі ақшаның қолды болғаны туралы мешіт қызметкері шағым түсірген. Оның айтуынша, түнгі уақытта белгісіз біреу қайыр садақа салынған мешіт алдындағы темір жәшікті бұзып, ішіндегі ақшаны жымқырып кеткен. Ақпарат алысымен оқиға орнына жылдам жеткен тәртіп сақшылары жедел-іздестіру шараларын жүргізді.
Нәтижесінде күдікке ілінген 18 жастағы жұмыссыз екі жігіт анықталды. Тергеу барысында анықталғандай, күдікті жігіттер өзара сөз байласып, 02:30 шамасында екі бірдей мешітке ұрлыққа түскен. Содан садақа жәшігін темір құралмен бұзып ашып, ішіндегі ақшаларды жымқырған. Қолды еткен ақшаны екеуара бөліп алған.
Қазіргі таңда күдіктілер жігіттерге қатысты ҚР ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр.
Бүгiн, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожеліБүгiн, 10:44
Формула-1 тарихын жаңартқан Кими Антонелли: 20 жасында чемпион атанған жас жүйрік29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс