11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керекАқмолада аудандық мәслихат төрағасына қарақшылық шабуыл жасап, үйін тонаған күдіктілер ұсталды. Оқиға 15 шілдеде болған, - деп хабарлайды Polisia.kz-ке сілтеме жасап El.kz интернет порталы.
Қылмысты ІІМ криминалдық полиция департаменті мен Ақмола облысы полиция департаментінің қызметкерлері әшкереледі.
Бетперде және капюшон киген екі ер адам Астраханка ауылында ерлі-зайыптылардың үйіне кіріп, аңшы мылтығымен қорқыту арқылы қарақшылық шабуыл жасаған. Шығын төрт миллион теңгеден астам. Олар жәбірленушілерді байлап, үйлерінің жертөлесіне қамап кеткен.
Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында күдікті үш адам ұсталды. Олардың екеуі Жамбыл облысының, бірі Түркістан облысының тұрғыны. Бұған дейін бірнеше рет осындай қылмыстар үшін сотты болған. Тінту барысында жәбірленушілерге тиесілі алтын бұйымдар тәркіленді. Қазіргі уақытта үшеуі де уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу әрекеттері жүргізілуде. Ішкі істер министрлігі азаматтарға төнген кез келген қауіпке жедел ден қоя отырып, заң мен тәртіпті қамтамасыз ету бағытында жүйелі жұмыс жүргізуде, - деді ІІМ криминалдық полиция департаментінің бастығы Қанат Нұрмағамбетов.
11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?10 Қыркүйек, 12:44
«Маугли қыз»: 17 жастағы қырғыз қызының ерекше қабілеті көпшілікті таңғалдырды10 Қыркүйек, 09:01
Швейцарияға барсаңыз, осы қателіктерді жасамаңыз: тәжірибелі гидтен 15 кеңес