1 Қазан, 17:40
«Атын Төрехан деп қойдық»: шымкенттік отбасы жетінші перзентіне боксшының есімін бердіСейсмология институтының мамандары зілзала кезінде не істеуге болмайтынын түсіндірді, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі.
Олар:
- ТЖ аймағында қалған үйге қайтқанда сақ болыңыз. Үйлерге кірмеңіз. Апат кезінде ғимаратқа зақым келген болуы мүмкін, сіз сол үйіндінің астында қалып қоюыңыз мүмкін.
- Егер ғимаратқа кіруге мәжбүр болсаңыз жолыңызға ешқандай жағдайда алаумен немесе шырақ пен жарық түсірмеңіз. Темекі шекпеңіз.
- Үйде немесе үйдің айналасында газдың немесе химиялық заттардың иісі шықпайтынына көз жеткізіңіз. Иісті сезсеңіз төтенше қызметтерге хабарлаңыз.
- Азық-түлік қорларыңызды пайдалануға асықпаңыз, әуелі оларды тексеріңіз: олар уланған немесе бұзылған болуы мүмкін. Су жүргізу құбырларынан алынған немесе құдық суын пайдаланбас бұрын оны да тексергеніңіз жөн.
- Егер құтқару жұмыстары жүргізіліп жатқан аймаққа тап болып, бірақ сіздің көмегіңіз қажет болмаса, онда ол жерден кеткеніңіз дұрыс. Мейлінше қажеттілік туған жағдайда болмаса, ешқайда кетпеңіз.
- Жолдар бүлінген немесе бұғатталған болуы мүмкін. Жол үстінде автокөлік жүргізушілері үшін қауіп тудыратын бүлінулерге кезіккен болсаңыз ол жөнінде тездетіп төтенше қызметтерге хабарлаңыз.
1 Қазан, 17:40
«Атын Төрехан деп қойдық»: шымкенттік отбасы жетінші перзентіне боксшының есімін берді1 Қазан, 12:41
Азиаданың финалына шыққан Ажар Асхат туралы не білеміз?1 Қазан, 11:32
«Шындықты жайып саламын»: Роналду ұлттық құрамадан кетті ме?1 Қазан, 09:45
Алтынға апарар жол: Азиададағы боксшылардың нәтижесіне көңіл тола ма?