22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алдыҒаламдық климаттың тез өзгеруі біздің планетаның өз осінде айналу тұрақтылығына да әсер ете бастады. Халықаралық зерттеушілер тобы жүргізген көпжылдық талдау Жердің соңғы онжылдықтарда айтарлықтай «қисая» бастағанын көрсетті, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Жердің айналу өсі неге жылжыды?
Ғалымдардың дерегінше, 1993 жылдан 2010 жылға дейін Жердің айналу өсі шамамен 78-80 сантиметрге ауытқыған. Бұл планета тарихында алғаш рет тіркелген ең үлкен көрсеткіш.
Зерттеу Geophysical Research Letters журналында жарияланған. Соның нәтижесі бойынша, ауытқудың негізгі себебі, адамзаттың жерасты суын шамадан тыс пайдаланып, оның табиғи тепе-теңдігін бұзуы.
Су ресурстарының азаюы - планетаның тепе-теңдігіне соққы болды.
Ғалымдар 18 жыл ішінде адамдар 2 150 гигатонна жерасты суын тұтынғанын айтады. Бұрын-соңды адамзат тарихында мұндай қарқын болмаған.
Жер 4,6 млрд жыл бойы зырылдауық секілді айналып тұрды. Адамдар соңғы ондаған жылда оның бір жағына артық салмақ түсірді. Қазір планета осы жүктемеден теңселіп тұр, - дейді NASA ғалымдары.
Ғалымдар әлем елдерін бірігіп әрекет етуге шақырады. Егер жерасты суын тұтыну бұрынғыша жалғаса берсе, Жердің айналуындағы теңсіздік күшейіп, климаттық дағдарыс тереңдей түспек.
22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды20 Мамыр, 08:00
Хусановтың өзі сұхбатқа келді | «Ордабасы» чемпион болмайды | «Барсаның» фанаты емеспін12 Мамыр, 16:42
Ата-енеме сәлем салмаймын І Олимпиададағы өкінішті әлі ұмытқан жоқпын - Абиба Әбужақынова30 Сәуір, 23:45
Өзбек боксшыларының осал тұсын таптым І Түнгі 10-да ұйықтап қаламын – боксшы Темірлан Мұқатаев