Кеше, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлікАстанада әскери білім ордасының басшылығы, профессорлық-оқытушылық құрам мен магистранттар «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында Жеңістің 80 жылдығына орай 80 түп ағаш көшетін отырғызды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Университет ұжымына Қазақстан Қарулы күштерінің ардагерлері генерал-майорлар Мүслім Дайыров, Бақтияр Сыздықов және әскери қызметшілердің отбасы мүшелері қосылды. Жалпы іс-шараға 300-ден аса адам қатысты.
Біздің университет Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бастамашы болған жалпыұлттық «Таза Қазақстан» экологиялық акциясын қолдады, – деп атап өтті ҚР Ұлттық қорғаныс университетінің бастығы генерал-майор Асқар Мұстабеков. – Бүгін университет маңында біз 80 түп қайың мен қарағай көшетін отырғыздық. Бұл сан кездейсоқ емес, осылайша біз Ұлы Отан соғысының батырларына, ардагерлеріне және тыл еңбеккерлеріне құрметімізді білдірдік.
Айта кету керек, Қарулы күштердің әскери қызметшілері азаматтардың қоршаған ортаны абаттандыруға және экологияны жақсартуға бағытталған табиғатты қорғау акцияларына үнемі белсенді қатысып келеді.
Кеше, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер