Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыАстана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек елорданы жылумен қамтамасыз ету жұмысы туралы мәлім етті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Әкімнің сөзіне қарағанда, құрылысы ұзаққа созылған ЖЭО-3-ті іске қосу үшін үлкен жұмыс атқарылған.
Аталмыш жылу электр орталығындағы төрт қазандықтың бәрі іске қосылды. Бұл қаланы 440 Гкал/сағатпен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. ЖЭО-3-тің бірінші кезеңінің құрылысы қазан айында аяқталды. Нысан осы кезден бастап қалаға жылу беруді бастады. ЖЭО-3 сол жағалаудың бір бөлігін және құрылыс жұмыстары жүріп жатқан жаңа аудандарды жылумен қамтиды, - делінген мәліметте.
Сонымен қатар жаңа нысандарда жаңа қуатт іске қосылған.
Мәселен, жаңа «Оңтүстік-Шығыс» газ жылу станциясын алайық. Бұл газ жылу станциясы «Бағыстан», «Мыңжылдық аллеясы» тұрғын үй кешендері аудандарын, қаланың сол жағалауын жылумен сенімді қамтамасыз етеді. Осы жылдың соңына дейін станцияны 350 Гкал/сағ максималды қуаттылыққа дейін жеткізу бойынша іске қосу жұмысы жалғасады, - деді Қасымбек.
Ал желтоқсан айында қуаттылығы 350 Гкал/сағ болатын «Тұран» газ жылу станциясының 1-кезеңі іске қосылмақ. Әкім осы арқылы үш нысанның күші 1140 Гкал/сағ құрайтынын алға тартты.
Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді