20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекАлғыс айту күні Астанадағы Қарулы Күштердің Ұлттық әскери-патриоттық орталығы Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған концерт пен көрме ұйымдастырды.
Елордадағы сауда ойын-сауық орталығының бірінде өткен іс-шара көптеген келушілердің назарын өзіне аударды.
Орталық әскери оркестрдің музыканттары оларды соғыс жылдарындағы әндерімен қуантты. Орталық ансамбльдің солистері мен вокалдық топтарының орындауында "Әлия", "Журавли", "Тучи в голубом", "Ехал я из Берлина", "Кестелі орамал", "Сауыт", "Қайсар армия", "Қорғанысым - тірегім" және "Жаса қазағым" шығармалары орындалды.
Орталықта кәсіби әртістермен бірге ҚР Қарулы Күштері Ұлттық әскери-патриоттық орталығы шығармашылық взводының сарбаздары да өнер көрсетті.
Жеңістің 80 жылдығына арналған концертке қатысқаныма қуаныштымын. Шығармашылық взводқа Тараз қаласының педагогикалық колледжінде алған мамандығымның арқасында түстім. Шығармашылық взводтағы қызмет маған колледжде үйренген үрмелі аспаптарда ойнау дағдыларын жоғалтпауға мүмкіндік береді, – деді сарбаз Мейрамбек Жарылқасын.
Ұлттық әскери-патриоттық орталығы Орталық ансамблінің солистері классикалық және заманауи шығармаларды орындады. Танымал әуендер, марштар мен джаз пьесалары көрермендердің көңілін серпілтті.
Бүгін керемет күн, үш бірдей мереке деп айтуға болады: қасиетті Рамазан айы, қазақстандықтар Алғыс айту күнін атап өтуде, сонымен қатар көптен күткен көктем келді. Мерекелік атмосфера мен жарқын эмоциялар үшін әскерилерге рахмет, – деді Сәуле Қасымова.
Орталық алаңында ҚР Қарулы Күштері Ұлттық әскери-патриоттық орталығы Әскери-тарихи музейінің қызметкерлері "1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысы жылдарындағы Қазақстан" көшпелі көрмесін ашты.
Экспонаттар қатарына жеке заттар, мұрағат құжаттары, соғыс батырлары Бауыржан Момышұлы, Талғат Бигелдинов, Сағадат Нұрмағамбетов, Тілеуғали Әбдібеков және Хиуаз Доспанованың бірегей фотосуреттері, сондай-ақ ұрыс орындарынан табылған снарядтар мен сарбаздар медальондары кірді.
Үшінші апта Ұлттық әскери-патриоттық орталықтың шығармашылық ұжымы елорда тұрғындары мен қонақтарына концерт беруде. Біз "Азия парк" және "Хан шатыр" сауда ойын-сауық орталықтарында өнер көрсеттік. Бүгін, міне, MEGA Silk Way-де. Концертімізбен отандастарымызға қазақстандық жауынгерлердің жеңіс жолындағы ерлігін еске салып, оларды Алғыс айту күнімен құттықтағымыз келді, – деп түйіндеді Қарулы Күштер Ұлттық әскери-патриоттық орталығы бастығының орынбасары аға лейтенант Азамат Ақтасов.
20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?