10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыҚазақстан сыбайлас жемқорлық деңгейі бойынша әлемдік рейтингте ең нашар елдердің қатарына кірді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Зерттеу нәтижелері бойынша, сыбайлас жемқорлық аз елдер рейтингінде Қазақстан 87 елдің ішінде 75-орынға тұрақтады.
Қазақстан Гватемала мен Кения арасында орналасқан.
U.S. news & world report басылымының мәліметінше, жемқорлық деңгейі бойынша Өзбекстан – 68-орында, Әзірбайжан – 62-орында және Украина– 48-орында. Ресей 87-ші орында, Иран 86-шы орында.
Жемқорлығы аз елдердің ондығына Швейцария, Канада, Швеция, Австралия, Нидерланды, Дания, Финляндия, Жаңа Зеландия, Бельгия және Норвегия кіреді.
Рейтингтің алғашқы он елінде сатып алу қабілетінің паритеті бойынша жан басына шаққандағы ЖІӨ 55-85 мың доллар/адам шегінде ауытқиды, зерттеуге сәйкес Қазақстанда жан басына шаққандағы ЖІӨ $30 810 құрайды.
Зерттеу сауалнама әдісімен жүргізілген. Оған шамамен 17,5 мың адам қатысқан.
10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді