Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекАстанада өзін кәсіпкер ретінде көрсеткісі келіп, әлеуметтік желіде танымал болғысы келген ер адам қылмысқа барған. Оған сот үкімі шықты, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Ол 5 ай бойы достарымен бес жұлдызды қонақүй бөлмелерінде тұрып, қымбат мейрамханаларда кешкі ас ішкен. Дәмді тағамдарға тапсырыс беріп, элиталық ерлер киім дүкендерінен киім-кешек сатып алып, банк атынан расталмаған төлем тапсырмаларын берген. Жәбірленушілер өз кезегінде төлем құжаттарының түпнұсқасын тексермей, оған тауарлар мен қызметтерді көрсеткен.
Қала прокуратурасының ақпаратына сүйенсек, сотталушы төлем құжаттарын банктік қосымша арқылы жіберген, бірақ іс жүзінде шотта қаражат болмаған. Мысалы, алаяқ қонақүйде бөлмелерді брондап, бірнеше күн бойы достарымен бірге тамақ пен сусынға тапсырыс беріп ұрақтаған. Қонақ үй қызметкерлерін алдау және сеніміне қиянат жасау арқылы ол жоғарыда аталған төлем тапсырмаларын берген. Оның қылмыстық әрекеттерінің салдарынан жәбірленушіге 4,4 млн теңге көлемінде ірі мөлшерде материалдық шығын келтірілген. Ал ақшаның түспегенін білген жәбірленушілер құқық қорғау органдарына хабарласқан.
Сотталушы өз кінәсін толық мойындады. Ол алаяқтыққа әлеуметтік желілерде танымал болу үшін барғанын, өзін табысты кәсіпкер ретінде көрсетіп, желіде суретін жариялаған.
Келтірілген шығынның жалпы сомасы 8 млн теңгеден астамды құраған.
Сотталушыға 3 жылға бас бостандығынан айыру жазасы берілді. Келтірілген материалдық шығын өндірілді.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекКеше, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?