Кеше, 17:40
«Атын Төрехан деп қойдық»: шымкенттік отбасы жетінші перзентіне боксшының есімін бердіПавлодарда жасөспірімдер арасындағы жанжал әлеуметтік желілерде кеңінен таралып, қоғам назарын аударды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Telegram желісіндегі "Молодой Кабылтаев" арнасында жарияланған видеода бір оқушы қыздың өзімен шамалас өзге қызды ұрып-соққаны көрініс тапқан. Оқиғаға қатысты Павлодар облыстық полиция департаменті ресми мәлімдеме жасап, қатысушылардың барлығы анықталғанын хабарлады.
Полиция мәліметінше, кәмелетке толмаған қыздың заңды өкілі бала тәрбиесі жөніндегі міндеттерді орындамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Сонымен қатар, жанжалға қатысқан жасөспірімді Шығыс Қазақстан облысы Серебрянск қаласындағы девиантты мінез-құлық танытатын балаларға арналған арнайы мектеп-интернатқа жіберу мәселесі кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі комиссия қарауына шығарылған.
Бұған қоса, құқық бұзушылыққа жол берген жағдайлар мен себептерді анықтап, олардың алдын алу мақсатында жасөспірімдер оқитын жалпы білім беретін мектеп әкімшілігіне тиісті ұсыныс жолданды. Бұл жағдай жасөспірімдер арасындағы тәрбие мен бақылаудың маңыздылығын тағы бір мәрте көрсетті. Қоғамдық тәртіп пен жас буынды тәрбиелеу – ортақ жауапкершілік екені ескертіледі.
Кеше, 17:40
«Атын Төрехан деп қойдық»: шымкенттік отбасы жетінші перзентіне боксшының есімін бердіКеше, 12:41
Азиаданың финалына шыққан Ажар Асхат туралы не білеміз?Кеше, 11:32
«Шындықты жайып саламын»: Роналду ұлттық құрамадан кетті ме?Кеше, 09:45
Алтынға апарар жол: Азиададағы боксшылардың нәтижесіне көңіл тола ма?