Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыЖеліде үстін мұз басқан өрт сөндірушілердің суреті тарады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Ақмола облысының Төтенше жағдайлар департаменті ауа райының қолайсыздығына қарамастан жұмыс істеген өрт сөндірушілердің суретін жариялады.
Суреттен Ақмола облысы Төңкеріс ауылындағы үйлердің бірінде болған өртті сөндірген өрт сөндірушілердің үстін мұз басқанын көруге болады.
Өрт сөндірушілердің күнделікті өмірі. Целиноград ауданының өрт сөндірушілері өртті сөндіргеннен кейін, - деп жазды Ақмола облысы ТЖД.
Айта кетейік, Ақмола облысында ауа температурасы күндіз -25-30 градусты көрсетсе, түнде -35-40 градусқа дейін жетеді. Осыған байланысты Төтенше жағдайлар министрлігі жолда абай болуды ескертті.
Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді