29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары2022 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан мектепке бұған дейін де айыппұл салынған болатын. Алайда, білім беру ұйымының басшылығы лицензия алу бойынша әрекеттенбеген.
Мектептер өз жұмысын бастамас бұрын білім беру қызметін атқаруға рұқсат алуы керек. Лицензия алу үшін мектеп рұқсат беру бақылауынан өтуі тиіс, яғни оның біліктілік талаптарына сәйкестігі тексеріледі. Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті мен оның аумақтық демартаменттері мектептердің өз қызметін заңдастыруы және олардың рұқсатсыз жұмыс жасауын болдырмау мақсатында барлық шараларды қабылдауда. Өткен оқу жылында лицензиясыз қызметі үшін 30 мектепке айыппұл салынды, - деп атап өтті комитет төрағасы Ернұр Дәуенов.
Білім беру ұйымын лицензиялау барысында қойылатын негізгі талаптар: мектептің тиісті материалдық-техникалық базасының, педагогикалық құрамының, санитарлық-эпидемиологиялық және өртке қарсы қорытындысының, білім алушыларға медициналық көмек көрсету қызметінің болуы.
Бұл талаптарды орындамау заңнаманы бұзу болып табылады және әкімшілік жауапкершілікке тартуға, тіптен білім беру қызметін іске асыруға тыйым салуға негіз бола алады.
Айта кетейік, қазіргі уақытта комитеттің аумақтық департаменттері лицензиясыз жұмыс жасап отырған мектептерді анықтау және бұл бойынша сотқа жүгіну шараларын жүргізуде.
29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек