Кеше, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожеліБүгін жазушы және драматург Сәкен Жүнісовтің туғанына 90 жыл, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Жазушының ең танымал шығармасы – «Ақан сері» дилогиясы. Романда ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы көшпенді қазақтың әлеуметтік өмірінің жарқын көріністері, тұрмысы мен әдет-ғұрпы суреттелген.
Сәкен Жүнісов драматург ретінде де танымал. Ол 17 пьесаның авторы. 1967 жылы М.Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театры Сәкен Жүнісовтің «Өлімнен күшті» пьесасы бойынша спектакль қойды.
Жазушы көркем аудармамен де айналысты. Ол П.Федоровтың «Синий шихан», Стефан Цвейгтің «Письмо незнакомки» новелласын, Олесь Гончардың «Перекоп» романын қазақ тіліне аударған.
Қарымы қуатты қаламгер 2005 жылы «Парасат» орденімен марапатталды.
Кеше, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожеліКеше, 10:44
Формула-1 тарихын жаңартқан Кими Антонелли: 20 жасында чемпион атанған жас жүйрік29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс