Жаңалықтар

Жазғы маникюр: биыл қандай дизайн сәнде?

23.05.2026 10:00
Ажар Лаубаева
Фото: жасанды интеллектпен жасалды

Жаз жақындаған сайын қыз-келіншектер образын жаңартуға асығады. Соның ішінде маникюрге де ерекше көңіл бөлінеді. Биыл қандай дизайндар трендте, бірге қарап көрейік.

Ұсақ суреттер сәнге қайта оралды

Биыл жазда қарапайым, бірақ ерекше акценті бар маникюрлерге сұраныс көбейген. Әсіресе тырнаққа салынатын кішкентай суреттер қайтадан трендте. Қазір көпшілік ірі, көзге бірден түсетін дизайннан гөрі, нәзік элементтері бар маникюрді жиі таңдайды.

Жасанды интеллектпен жасалды

Гүл, жұлдыз, жүрек, көбелек немесе жеміс секілді ұсақ суреттер көбіне мөлдір не табиғи реңктегі лактың үстіне салынады. Мұндай дизайн бір қарағанда қарапайым көрінгенімен, қолға ерекше сән беріп тұрады. Ашық түстер қолданылғанның өзінде мұндай дизайн көзге тым ауыр көрінбейді. Сол себепті бұл маникюр күнделікті образға да, демалыс кезіндегі жеңіл жазғы стильге де жақсы үйлеседі.

Оқи отырыңыз:

Қос френч жаздың басты трендтерінің біріне айналды

Френч маникюрі сәннен кетпейді. Бірақ биыл көпшілік классикалық нұсқадан гөрі, сәл өзгеше дизайндарға қызығып жатыр. Соның бірі – қос френч. Бұл стильде тырнақтың ұшына екі сызық жүргізіледі. Кейде олар қатар орналасса, кейде арасы ашық етіп жасалады.

Жасанды интеллектпен жасалды

Тырнақ шеберлері бұл дизайнда түстерді дұрыс үйлестіру маңызды екенін айтады. Биыл ақ пен қара, қызғылт пен қызғылт қоңыр, көгілдір мен сүт түстес реңктер сұранысқа ие. Сонымен қатар жаз мезгілі болғандықтан, ашық түстерді араластырып көруден қорықпауға кеңес береді.

Микро-френч әлі де сәннен кеткен жоқ

Егер тым көзге түсетін дизайндарды ұнатпасаңыз, микро-френч сізге дәл келеді. Ол – тырнақтың ұшына өте жіңішке етіп жүргізілетін сызық. Қарапайым көрінгенімен, қолда ұқыпты әрі әдемі көрінеді.

Жасанды интеллектпен жасалды

Соңғы кезде қыздар ақ түспен ғана шектелмей, түрлі реңктерді таңдап жүр. Көгілдір, ашық қызғылт, лимон түстес немесе күміс реңктер жазға ерекше жарасады. Кейбірі тіпті сызықтың орнына ұсақ нүктелер жасатып, маникюрді сәл өзгеше қылып көрсетеді.

Микро-френчтің жақсы жері – кез келген образбен үйлесе кетеді. Күнделікті стильге де, мерекелік образға да жарасып тұрады. Сондықтан бұл дизайнды көбіне қарапайым, бірақ әдемі маникюр ұнататын қыздар таңдайды.

Абстракт маникюрге де қызығушылық жоғары

Соңғы уақытта еркін стильдегі абстракт маникюрлерді таңдайтындар көбейген. Ирек сызықтар, толқынға ұқсас элементтер, түрлі пішіндер мен бір-біріне ұқсамайтын өрнектер қазір трендте. Әсіресе мұндай дизайндар TikTok пен Instagram-да жиі кездеседі.

Жасанды интеллектпен жасалды

Абстракт маникюрдің ерекшелігі – мұнда нақты бір ереже жоқ. Қандай сызық саласыз, қандай түсті таңдайсыз немесе қандай элемент қосасыз, бәрі өз талғамыңызға байланысты. Сол себепті әр маникюр ерекше болып шығады.

Мұндай дизайн әсіресе жазғы демалысқа, фестивальге немесе ерекше образ жасағыңыз келген кезде жақсы. Сонымен қатар абстракт маникюр қарапайым киімнің өзіне стиль қосады.  

Нәзік жылтыр қайтадан трендке айналды

Үлкен жылтыры бар, көзге бірден түсетін маникюрлерге қазір таңдау сирек түседі. Оның орнына жеңіл жылтыры бар нәзік дизайндар қайта сәнге еніп жатыр. Әсіресе ұсақ жылтыры бар лактар мен інжу эффектісін беретін маникюр биыл жазда ерекше танымал.

Жасанды интеллектпен жасалды

Мұндай маникюр күн сәулесіне түскенде әдемі жылтырап, қолға нәзік көрініс береді. Қызғылт, көгілдір, сарғыш, шабдалы немесе сүт түстес реңктер жазғы образбен жақсы үйлеседі.

Тиффани реңкі биыл ерекше танымал

Биыл жазда ең көп таңдалып жатқан түстердің бірі – тиффани реңкі. Бұл нәзік түс жазғы маникюрге сергектік береді. Әсіресе әлеуметтік желілерде дәл осы реңктегі маникюрлер жиі пайда бола бастады.

Жасанды интеллектпен жасалды

Тырнақ шеберлерінің айтуынша, бұл түс күнге аздап күйген терімен өте әдемі үйлеседі.

Тиффани реңкінің үстіне жіңішке френч, ұсақ гүлдер немесе жеңіл жылтыр қосып, дизайнды сәл әрлеуге болады.

Айта кетейік, бұған дейін көктем-жаз маусымының ең сәнді сөмкелері туралы жазған едік. 

Оқи отырыңыз