Кеше, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңызБиыл жазда Қазақстандағы ақылы жолдармен 25,8 млн-нан астам көлік жүрген. Жүргізушілер ең көп Алматы – Қонаев бағытын таңдаған. Сондай-ақ Шымкент пен Астана маңындағы тасжолдарда көлік қозғалысы жоғары болды. «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ мәліметінше, 1 маусым мен 31 тамыз аралығында елдегі ақылы жолдарда 25 818 167 көлік тіркелген. Бұл – тәулігіне орта есеппен 281 мыңға жуық көлік.
Алматы – Қонаев бағыты көш бастады
Жазғы үш айда ең көп көлік Алматы – Қонаев тасжолымен жүрген. Бұл бағытта 4,3 млн-нан астам сапар тіркелген. Екінші орында Шымкенттен Өзбекстан шекарасына дейінгі жол тұр. Онымен жаз бойы 2,6 млн-нан астам көлік өткен.
Оңтүстік өңірдегі өзге бағыттарда да қозғалыс қарқынды болды. Мәселен, Шымкент – Тараз жолымен 1,87 млн, Тараз – Қайнар бағытымен 1,81 млн көлік жүрген. Шымкент – Қызылорда тасжолындағы көрсеткіш 1,4 млн-нан асты. Ал Таразды айналып өтіп, Қайнар мен Шымкентті жалғайтын жолда 945 мыңнан астам сапар тіркелген.
Астана маңындағы ақылы жолдар да ең көп пайдаланылған бағыттардың қатарында. Астана – Теміртау тасжолымен үш айда 1,49 млн, Астана – Щучинск жолымен 1,46 млн көлік жүрген. Елордадан Павлодарға қарай қатынайтын ақылы жолды 837 мыңнан астам көлік пайдаланған.
Жетісу мен Алматы облысы бағыттарында да көлік ағыны жоғары. Қонаев – Талдықорған жолында 1,2 млн-нан астам сапар тіркелсе, Алматы – Қорғас бағытымен 767 мыңнан астам көлік жүрген. Талдықорған – Өскемен тасжолындағы көрсеткіш 286 мыңнан асса, Үшарал – Достық бағытында 267 мыңнан астам сапар жасалған.
Бурабай мен Алакөл бағытында да көлік көп
Жазғы демалыс маусымы туристік бағыттардағы қозғалысқа да әсер еткен. Щучинск – Көкшетау жолымен үш айда 1 млн-нан астам көлік жүрсе, Көкшетау – Петропавл бағытында 591 мыңнан астам сапар тіркелген.
Алакөлге қарай қатынайтын бағыттардың бірі – Үшарал – Достық жолында 267 мыңнан астам көлік жүрген. Жалпы статистика жаз айларында жүргізушілердің ірі қалалар арасындағы жолдармен ғана емес, Бурабай, Алакөл және «Алтын-Емел» секілді демалыс орындарына апаратын бағыттармен де белсенді жүргенін көрсетеді.
Орталық Қазақстанда Қарағанды – Балқаш – Бурылбайтал бағытын 788 мыңнан астам көлік пайдаланған. Шу – Бурылбайтал жолында 392 мыңнан астам, ал Бурылбайтал – Күрті учаскесінде 128 мыңнан астам сапар тіркелді.
Солтүстік пен батыстағы бағыттардың ішінде Қостанай – Денисовка жолы алда тұр. Мұнда жаз бойы 853 мыңнан астам көлік жүрген. Қостанайдан Ресей шекарасына, Троицк бағытына қарай 281 мыңнан астам сапар жасалған. Павлодар – Семей – Қалбатау жолымен 461 мыңнан астам, ал Павлодардан Омбы бағытына қарай 262 мыңнан астам көлік өткен.
Батыс өңірлерде Ақтөбе – Ресей шекарасы, яғни Орынбор бағытындағы жолмен 376 мыңнан астам көлік жүрген. Қандыағаш – Мақат учаскесінде 297 мыңнан астам сапар тіркелген. Оралдан Самара бағытына 192 мыңнан астам, Саратов бағытына 169 мыңнан астам көлік шыққан.
Қызылорда – Арал тасжолымен жазғы үш айда 567 мыңнан астам көлік жүрген.
Жалпы, көлік қозғалысы ең жоғары он жол учаскесінің өзінде 18,2 млн сапар тіркелген. Бұл елдегі ақылы жолдармен жасалған барлық сапардың шамамен 71%-ына тең. Деректер жаз мезгілінде Алматы, Шымкент және Астана маңындағы жолдармен қатар демалыс орындары мен көршілес елдердің шекарасына апаратын бағыттарға да сұраныс жоғары болғанын көрсетеді.
Кеше, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?10 Қыркүйек, 12:44
«Маугли қыз»: 17 жастағы қырғыз қызының ерекше қабілеті көпшілікті таңғалдырды