2 Шілде, 09:05
Қазақстанда кино суретшісінің еңбегі әлі де толық бағаланбайды – Бекен НарбайШерзат Болатты өлтіру ісі бойынша өтіп жатқан сот отырысында тараптардың жарыссөзі жалғасуда. Бұл жолы сөз айыпталушыларға берілді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Басты айыпталушы Абзал Шынасыл өз сөзін Шерзаттың отбасынан кешірім сұраудан бастады. Алайда ол тағылған айыппен келіспейтінін айтып, соттан істі Қылмыстық кодекстің басқа бабымен қарауды өтінді.
Ең алдымен Қаржаубай Нұрымовтың отбасынан кешірім сұрағым келеді. Қазаның арты қайырлы болсын! Қайғыларыңызға ортақпын. Бұйрық болып тұр деп ойлаймын. Құрметті сот, бұған дейін айтқанымдай, мен Шерзат Болатты өлтірген жоқпын. Егер Шерзатты өлтірсем, оны мойындайтын едім. Мен жауапкершіліктен қашатын адам емеспін. Айтқаным – шындық. Менің жалғыз қателігім – өз мойныма алғаным. Бірақ мен жазадан қорықпаймын. Тек әділетті үкім шығаруды сұраймын. Маған ҚР ҚК 106-бабы – «Қасақана ауыр дене жарақатын келтіру» бойынша жаза тағайындауды өтінемін. Барша қазақ елінен кешірім сұрағым келеді, – деді ол.
Оқи отырыңыз:
Сондай-ақ ол әлеуметтік желілерде тарап жатқан «әкімнің немесе депутаттың баласы» деген ақпаратты жоққа шығарып, өзі анасымен ғана тұратынын айтты.
Жалғыз ғана анам бар, анаммен ғана тұрамын. Біз ешқандай қылмыстық топ емеспіз. Бұл жағдайды алдын ала жоспарлаған жоқпыз. Мұндай болады деп ойлаған да жоқпын. Тағы да қайталап айтам: мен Шерзатты өлтірген жоқпын, бірақ мұны дәлелдейтін айғақтарым жоқ. Сондықтан нақты кім істегенін айта алмаймын, – деді Абзал.
2 Шілде, 09:05
Қазақстанда кино суретшісінің еңбегі әлі де толық бағаланбайды – Бекен Нарбай1 Шілде, 17:41
Алакөлден Ыстамбұлға дейін: жазғы демалысқа қайда баруға болады?1 Шілде, 17:12
Спорттағы қазақ тілі: сәннен сұранысқа дейін30 Маусым, 14:11
«Керек болып қалар»: үйіңізде бекер шаң басып жатқан 18 зат