2 Маусым, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүрТүркістан облысының тұрғыны 2023 жылы бұзақылық және қорқытып алу қылмыстары бойынша бас бостандығынан шектеу жазасына тағайындалып, пробациялық бақылауға алынған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Алайда аталған тұлға мемлекет тарапынан түзелуіне мүмкіндік берілгеніне қарамастан қайта қасақана жаза өтеу тәртібін бұзған. Ағымдағы жылдың қаңтар айында оған қатысты заңсыз атыс қаруын алып жүргені бойынша ҚК 287-б. 3-б. сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталған.
Сондай-ақ, ол пробация есебінде бола тұра, жаза өтеу барысында пробация қызметіне себепсіз тіркелуге келмеген және электрондық бақылау құралын шешкен, жүргізуші куәлігінсіз көлік құралын заңсыз басқарған. Осыған байланысты пробация қызметі бас бостандығынан айыру түріндегі жазаға ауыстыру туралы ұсынымды сотқа жолдаған.
Бірінші сатылы сот қаулысымен жазаның өтелмеген мерзімін бас бостандығынан айыру түріндегі жазаға ауыстыру туралы ұсыным қанағаттандырусыз қалдырылған. Облыс прокуратурасы тұлғаның қайта түзелмегенін, қоғамға жат қылықтар жасауға бейім екенін ескеріп апелляциялық өтінішхат енгізді. Нәтижесінде бірінші сатыдағы сот актісі жойылып, сотталған түзеу мекемесіне жіберілді. Сот қаулысы заңды күшіне енген.
2 Маусым, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүр22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды20 Мамыр, 08:00
Хусановтың өзі сұхбатқа келді | «Ордабасы» чемпион болмайды | «Барсаның» фанаты емеспін12 Мамыр, 16:42
Ата-енеме сәлем салмаймын І Олимпиададағы өкінішті әлі ұмытқан жоқпын - Абиба Әбужақынова