22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алдыАтырау облысында «Таза Қазақстан» акциясы аясында іс-шаралар жалғасуда, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
5 тамызда акция аясында өлкенің табиғатқа жанашыр тұрғындары сенбілікке шығып, Жайық жағалауына санитарлық тазалау жұмыстарын жүргізді.
Табиғатты қорғау акциясының мақсаты – тұрғындарды отансүйгіштікке, өз қаласы үшін жауапкершілікке баулу, экологиялық мәдениетін қалыптастыру.
ТЖ режимі кезінде Жайықтың жағалауына 5 миллионға жуық қап төселді. Су деңгейі төмендегесін өзен жағасын санитарлық тазалау қажеттілігі туындады.
Сенбілік аясында жастар мен қоғамдық белсенділер жағалаудан 160 тонна топырақ салынған қаптарды шығарды.
«Жасыл ел» жастар қозғалысының ұйымдастырушысы Заманбек Құрақбайдың айтуынша, тазалық жұмыстары жалғасады.
Табиғи сипаттағы төтенше жағдай кезінде «Жасыл ел» жастар қозғалысының аясында 1000 жас жұмыспен қамтылды. Әр адам экологиялық мәдениетті сақтауды өзінен бастау керек. Санитарлық тазалыққа жұмылып жатқан тұрғынның қарасы көп, - деді Құрақбай.
Экологиялық акцияға қатысушылар бірнеше учаскеге бөлініп, әр учаскеге жауапты үйлестіруші белгіленді.
Түрлі ойын мен квесттер ұйымдастырылып, сенбілік мерекелік сипат алды.
Айта кету керек, акция басталғалы облыста 200 гектар аумақ тазаланып, 723 мың тоннадан астам қоқыс шығарылды. Ұйымдастырушылар тұрғындарды тазалыққа жұмыстарына тарту бағытында бірнеше жоба жоспарлап отыр.
22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды20 Мамыр, 08:00
Хусановтың өзі сұхбатқа келді | «Ордабасы» чемпион болмайды | «Барсаның» фанаты емеспін12 Мамыр, 16:42
Ата-енеме сәлем салмаймын І Олимпиададағы өкінішті әлі ұмытқан жоқпын - Абиба Әбужақынова30 Сәуір, 23:45
Өзбек боксшыларының осал тұсын таптым І Түнгі 10-да ұйықтап қаламын – боксшы Темірлан Мұқатаев