Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыБҚО-да су тасқынының алдын алу және авариялық-құтқару жұмыстары әлі де жалғасуда. Бұл туралы облыстық ТЖД өкіліне сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
ТЖД мәліметінше, қазір Жайық өзеніндегі су деңгейі түсіп келеді. Көрсеткіш - 8 м 50 см. Яғни су қауіпті деңгейіне дейін түсті. Облыста халықты эвакуациялау, құлақтандыру, бөгеттерді нығайту жұмыстары жалғасып жатыр.
Соңғы тәулікте 12 адам эвакуацияланды. Су тасқыны кезеңінде жалпы облыс бойынша 14 001 адам эвакуацияланды. Оның 5786-сы - балалар. 12 эвакуациялық пункте 2 447 адам орналасқан, - БҚО ТЖД ресми өкілі Нұржан Төлеуіш ОКҚ алаңында өткен брифингте.
Жергілікті масштабтағы 6 төтенше жағдай жұмыс жасап жатыр. Жедел шатб пен күнделікті мониторинг пен кезекшілік жүргізіліп жатыр. 1 млн текше метрден астам қар суы сорылды. 1,3 млн дана қапшық төселді.
Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді