Кеше, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлікҚорғаныс министрлігі желтоқсанның басында барлық бөлімше жауынгерлік дайындықтың ең жоғары деңгейіне келтірілетіні туралы ресми мәлімдеме жасады, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Ведомствоның ресми Telegram-каналында хабарланғандай, желтоқсан айының алғашқы күндерінде Қарулы Күштердің барлық бөлімі жаңа оқу жылының басталуына байланысты оқу дабылы бойынша жоғары деңгейдегі жауынгерлік дайындыққа келтіріледі.
Осыдан кейін бөлімдер оқу полигондары мен оқу орталықтарына жоспарлы марштар жасайды.
Жекелеген бөлімшелер кешенді жауынгерлік дайындық сабақтары өтетін орындарға әуе, теміржол және автокөлік көлігі арқылы жеткізіледі.
Аталған кезеңде қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында өңірлердегі жолдардың кейбір учаскелерінде көлік қозғалысын уақытша шектеу мүмкін екенін ескертеміз.Осыған байланысты азаматтар мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерінен тек ресми ақпарат көздеріне сүйеніп, тексерілмеген мәліметтерді таратпауға шақырамыз, - делінген министрлік хабарламасында.
Кеше, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер