22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алдыОтбасы академиясының негізін қалаушы Ержан Мырзабаев жастарға отбасы құрмас бұрын отбасылық курс оқытуды ұсынды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агентігі.
ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің кеңейтілген алқа отырысында отбасылық психолог Ержан Мырзабаев отбасы институтының мәселесін көтеріп, өз ұсынысын айтты.
Жастар және отбасы комитеті Мәдениет және ақпарат министрлігіне қарайды. «Отбасы – кішігірім мемлекет» және «Мемлекет - үлкен отбасы» деген сөз бар. Оның ішіндегі проблемалар да бір-бірімен өте тығыз байланысты. Соңғы кездері отбасындағы ажырасу деректерінің көбейіп кеткені сонша, тіпті құлағымыз үйреніп қалды. Тағы бір проблема - үйленудің де жылдан-жылға азайып бара жатқаны. Жастар арасында отбасы құндылықтарын дәріптеу жұмысын қолға алсақ. ЖОО-лар мен мекемелерде де осы істі қолға алған жөн, - деді ол.
Ержан Мырзабаевтың сөзінше, медиа мен кино саласы осы бағытта жеткілікті деңгейде жұмыс істемей жатыр.
Онда көбінесе отбасылық өмірдің қиындығы, келіндерді кемсітуі, үйлі болу үшін ажырасу керегі, қайтадан ажырасып, жалғызбасты ана болу отбасы болуда материалдық тұрғыда әлқайда пайдалы екенін көрсетіп жатыр. Оның салдары жастардың жылдан-жылға отбасы құруға асықпауына әкеп соғуда. Соңғы ұсынысым отбасы құрмас бұрын кандидаттарды отбасы курстары арқылы оқыту, отбасылық өмірге жан-жақты дайындау керек, - дейді Мырзабаев.
22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды20 Мамыр, 08:00
Хусановтың өзі сұхбатқа келді | «Ордабасы» чемпион болмайды | «Барсаның» фанаты емеспін12 Мамыр, 16:42
Ата-енеме сәлем салмаймын І Олимпиададағы өкінішті әлі ұмытқан жоқпын - Абиба Әбужақынова30 Сәуір, 23:45
Өзбек боксшыларының осал тұсын таптым І Түнгі 10-да ұйықтап қаламын – боксшы Темірлан Мұқатаев