Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыДенсаулық сақтау министрлігі Аналар денсаулығын қорғау басқармасының басшысы Шәкизат Халықова үйленетін жастардың денсаулығын тексерістен өткізуге қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Оның сөзінше, министрлік үйленетін жастарға денсаулығын тексертуді міндеттемейді.
«Әрбір әйел – әрбір бала» атты тұжырымдама жобасы әзірленді. Жобаны әзірлеуге мамандар тартылды. Некеге тұрмаған жас отбасыларға денсаулық паспортын енгізу жобасы әзірленді. Бұл жоба аясында некеге тұрмас бұрын қыздар мен жігіттерді профилактикалық тексеру көзделіп отыр. Бұл жастардың генетикалық саулығын сақтау үшін жасалып отыр. Жас отбасылар некеге тұрмас бұрын ерікті түрде тексеруден өтеді. Өзінің денсаулығы туралы толық ақпарат ала алады. Бұл тұжырымдама некелесуге болмайды дегенді білдірмейді. Некеге тұруға тыйым салмайды, - деді ол.
Оның сөзінше, бұл жастардың денсаулығын тексеріп, жоспарлы жүктілікке дайындалу үшін жасалып отыр.
Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді