30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тарттыАстанада кәмелетке толмағандар арасында өміріне қауіпті әрекеттердің алдын алу және болдырмау бағытында жүйелі жұмыс жүргізілуде, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Мониторингті қалалық психикалық денсаулық орталығы медициналық ұйымдармен бірлесе жүзеге асырып отыр. Талдау көрсеткендей, мұндай жағдайлар көбінесе отбасындағы немесе достар арасындағы жанжалдарға байланысты болады. Қалалық психикалық денсаулық орталығы директорының орынбасары Елена Полиенконың айтуынша, мұндай әрекеттер ата-ананың не мұғалімдердің назарын аудартуға немесе қарсылық білдіруге тырысудан туындайды.
Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Әлия Рүстемова Астанада мұндай оқиғалардың алдын алу шаралары күшейтіліп, профилактикаға қатысты тәсілдердің түзетілгенін атап өтті.
Жастардың 10-нан 29 жасқа дейінгі психикалық саулығын қорғау үшін елордада 11 жастар орталығы жұмыс істейді. Олар емханалар базасында («№2 қалалық емхана», «№3 қалалық емхана», «№4 қалалық емхана», «№5 қалалық емхана», «№6 қалалық емхана», «№8 қалалық емхана», «№9 қалалық емхана», «Алғашқы медициналық-санитариялық көмек орталығы», «Astana Clinic» ЖШС, «Салауатты астана» ЖШС, «City» емханасы ЖШС) ашылған. Мұнда 82 психолог көмек көрсетеді, - деп жазылған әкімдік хабарламасында.
Сонымен қатар, жедел қолдауды Қалалық психикалық денсаулық орталығының мамандары психиатриялық бөлімшедегі кабинеттерде және тәулік бойы жұмыс істейтін сенім телефоны арқылы (54-76-03) көрсетеді.
Астанадағы профилактикалық жұмыс мектептерден бастап емханалар мен арнайы орталықтарға дейінгі барлық деңгейді қамтиды. Негізгі мақсат – тәуекел тобына жататын балалар мен жастарды дер кезінде анықтап, оларды кешенді қолдаумен қамтамасыз ету.
30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тартты29 Шілде, 13:10
Жаңа пандемия кез келген уақытта басталуы мүмкін: ДДҰ не дейді?27 Шілде, 18:09
«Бәрі қаржыға байланысты»: Неліктен «Қайрат» еурокубоктағы матчын Түркістанда өткізеді24 Шілде, 11:39
Мадина Ералиеваға құрмет: Ерке Есмахан үш жылдық үзілістен соң сахнаға оралды