15 Шілде, 12:09
Зендеяны стиль иконасына айналдырған адам: Лоу Роуч туралы не білеміз?Индонезия астанасы Джакартада бокстан U19 және U23 санаты бойынша Азия чемпионаты өтті. 40 салмақта сынға түскен Қзаақстан құрамасы 11 алтын, 11 күміс, 8 қола медаль иеленді. Соның ішінде ерлер арасында отандастарымыз 5 алтын, 8 күміс, 3 қола еншіледі.
Күндізгі сессияда 70 келі салмақта Бибарыс Әшірбай жапон Кунимитцу Хонжоны ойсырата жеңді. +90 келіде Владислав Саможонов өзбек Ислам Салиховтан басым түсті. Әттеген-айы, 50 келіде Әділ Асқанбай өзбек Уткизбек Нозкосимовқа жол берді. 65 келіде Ақжүрек Қалабай корей Даехо Кангтан ұтылды. 80 келіде Тимур Тайбеков өзбек Аброрбек Шариповтың осал тұсын таба алмады. 85 келіде Руслан Ахметов өзбек Сардорбек Бахромхужаевтан жеңілді.
Ал кешкі сессияда 75 келідегі Аман Қонысбек қырғыз Алмаз Орозбековтен бір бас жоғары болды. 85 келідегі Темірлан Мұқатаев өзбек Норбек Абдуллаевты жеңді. 90 келіде Ибрагим Бeтаев өзбек Самир Собировты қапы қалдырды. Ал 55 келідегі Бексұлтан Боранбек үнді Гангаға жол берді. 60 келідегі Нұрасыл Төлебектің жапон Койчи Накаямаға соққысы дарымады. 70 келідегі Нұрбек Мұрсал өзбек Абдуллох Мадаминовтен ұтылды. 80 келідегі Өнер Сейілхан да өзбек боксшысы Фазлиддин Еркинбоевтан ұтылды.
Екі дүркін Азия чемпионы
75 келі салмақта атой салған Аман Қонысбек 2025 жылы Шри-Ланка астанасы Коломбода өткен жастар арасындағы Азия чемпионатында топ жарған-ды. Бұл турнирді IBA ұйымдастырған еді. Десе де араға үш ай салып World Boxing ұйымының Азиядағы құрылымы – Asian Boxing ұйымы Азия чемпионатын қайта өткізді. Бангкокта Аман өзбек Болтиевқа жол берді.
Бүгін қарсыласым Алмаз Оразбеков қырғыз елінің боксшысы тәжірибелі, әлем чемпионатына қатысқан, Азия чемпионатының жүлдегері болған боксшы. Барымды салып, жеңіп шықтым. Мені осы жарысқа дайындап, топқа қосқан Мырзағали Айтжанов ағайға алғысым шексіз. 23 жасқа дейінгі ұлттық құраманы баптап отырған Мақсат Бақтыбазаров ағайыма, маған бокс қырларын үйреткен Құман ағайыма көп рақмет, – дейді ол.
Жалпы, Аман Қонысбеков Өзбекстанның Навои облысында көпбалалы отбасыда дүниеге келген. Әкесі – көлік жүргізуші, анасы жергілікті емханада медбике болып істейді. Өзі – үйдің кенжесі. Екі әпкесі мен бір ағасы бар. Ағасы да бұрын бокспен шұғылданған. Ағасына қарап бой түзеген Аман да боксқа барады. Ден қойғанының арқасында спорт мектебіне қабылданады. Мектеп бітірген соң Бұқарадағы университеттің спорт факульетіне оқуға түседі.
2024 жылы атажұрты Қазақстанға көшіп келіп, Түркістан облысы атынан сынға түседі. Елорда кубогыне қатысып, қола жүлде еншілейді. Оның талантына тәнті болған көпшілік «болашақ Олимпиада чемпионы» деп мақтауын асырады. Елге келгеннен кейінгі алғашқы сұхбатында «өзбек боксшыларының физикасы мықты, қазақ боксшыларының техникасы мықты. Өзбекстаннан физикамды алып келдім, енді Мырзағали Айтжанов техникамды қойып берсе» – деген.
Айтқанындай, Аман 2025 жылы 22 жасқа дейінгілер арасындағы Азия чемпионатында топ жарды. Ірілі-ұсақты турнирлердің алдын бермейді. Оның ендігі мақсаты – Әлем чемпионаты мен 2028 жылғы Лос-Анжелес Олимпиадасына қатысу. Одан кейін кәсіби боксқа ауысуды жоспарлап жүр. Өзінің айтуынша, стилі кәсіби боксқа көбірек келеді.
15 Шілде, 12:09
Зендеяны стиль иконасына айналдырған адам: Лоу Роуч туралы не білеміз?14 Шілде, 17:41
ӘЧ-2026: қай құрама финалға жолдама алады?7 Шілде, 12:44
Шикі сүт ішеді, етті жақсы көреді: Норвегия қаһарманына айналған Эрлинг Холанн кім?7 Шілде, 10:00
Миллион жазылушы – дайын вице-президент? Қазақстан спортындағы жаңа тренд