Жастар арасындағы Азия чемпионаты: құрама еншісінде 13 жүлде бар

Жастар арасындағы Азия чемпионаты: құрама еншісінде 13 жүлде бар

Фото: ҰОК

 Индонезия астанасы Джакартада U19 және U23 санаты бойынша әйелдер арасындағы жеңімпаздар анықталды. 20 салмақта жүлде үлестірілген бәсекеде аруларымыз 6 алтын, 3 күміс, 5 қола жүлдеге ие болды.

Бүгін тартысты бәсекеде ерлер арасында жүлделер сарапқа салынады. Осы додада 19 жасқа дейінгі 9 боксшы, 23 жасқа дейінгі өрендер қатарынан 13 боксшы ақтық сынға жолдама алды. Сөйтіп, U23 жас санатында әйелдер арасында финал жекпе-жектері аяқталды. Нәтижесінде боксшыларымыз үш алтын және үш күміс жүлдеге қол жеткізді.

48 келіге дейінгі салмақта Гүлназ Бөрібаева ақтық сында Содон-Од Биндериядан (Моңғолия) басым түсті.  70 келіге дейінгі салмақта Азиза Исина  Өзбекстан өкілі Райхона Курбонбоеваны жеңді. 75 келіге дейінгі салмақта Шұғыла Нәлібай үндістандық Мусканды қапы қалдырды. Ал Анита Адишева 51 келіге дейінгі салмақта өзбекстандық Гулсевар Ганиеваға жол берді.

Ұлжан Сәрсенбек 57 келіге дейінгі салмақта Хуморабону Мамажоноваға есе жіберді. Құралай Егінбайқызы 80 келіге дейінгі салмақта Рухшона Парпиевадан (Өзбекстан) жеңіліп қалды. 

Осылайша, әйелдер құрамасы үш алтын, үш күміс және үш қола медаль еншіледі. Бұған дейін Аяжан Ермек (60 келіге дейін), Панар Сейітханқызы (80 келіден жоғары), Аслан Елдібайұлы (90 келіден жоғары) қола жүлдегер атанған еді.

U19 санатында әйелдер арасындағы финалда үш отандасымыз алтын медаль жеңіп алды. Камила Оспанова 70 келіге дейінгі салмақта Мафтуна Янгиевадан (Өзбекстан) басым түсті. 80 келіге дейінгі салмақта Айдана Убайдуллақызы финалда үндістандық Мегха Шеоканнан айласын асырды. Зарина Толыбай болса 80 келіден жоғары салмақта Үндістан өкілі Прачи Токастан бір бас жоғары болды. 

Осылайша, U19 жас санатында Қазақстан құрамасының қоржынында үш алтын, бес қола медаль бар. Бұған дейін Мадира Жұмақан (48 келіге дейін), Едіге Нұрғожа (55 келіге дейін), Ақнұр Тұрсынғали (57 келіге дейін), Айсұлу Мұхит (65 келіге дейін), Жалғас Утебековтерге (90 келіге дейін)  қола медаль бұйырған-ды.

Оқи отырыңыз

{