7 Шілде, 12:44
Шикі сүт ішеді, етті жақсы көреді: Норвегия қаһарманына айналған Эрлинг Холанн кім?Қазақстанда жастар арасында SportArtFest байқауы басталды. Барлық өңірлерден келген командалар білім, спорт және шығармашылық қабілеттері бойынша үздік атану үшін күресетін болады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
SportArtFest байқауы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен «Ules» жобасы аясында өткізіліп жатыр. Аталмыш іс-шара жастарды оқуға, өнерге және спортқа баулу, сондай-ақ елімізде салауатты орта қалыптастыруға бағытталған.
Байқаудың алғашқы үш кезеңі өңірлік деңгейде, төртіншісі республикалық деңгейде өтеді. Әр командада 5 адам бар.
Әуелі топтар Қазақстан тарихы, отандық және әлемдік спорт, мәдениет саласы бойынша сұрақтардан тұратын зияткерлік тест тапсырады. Содан кейін командалар спорттық челленджден өтуі керек. Ал, үшінші кезеңде оларды ұйымдастырушылар бекіткен бес кітап бойынша IQ-buttle күтеді.
Финалистер Алматыда өтетін республикалық кезеңде өңір намысын қорғауға барады. Жүлде қоры 1 600 000 теңгені құрайды.
Конкурсқа 8 тамызға дейін https://ulesqos.kz сайтында тіркелуге болады.
7 Шілде, 12:44
Шикі сүт ішеді, етті жақсы көреді: Норвегия қаһарманына айналған Эрлинг Холанн кім?7 Шілде, 10:00
Миллион жазылушы – дайын вице-президент? Қазақстан спортындағы жаңа тренд2 Шілде, 09:05
Қазақстанда кино суретшісінің еңбегі әлі де толық бағаланбайды – Бекен Нарбай1 Шілде, 17:41
Алакөлден Ыстамбұлға дейін: жазғы демалысқа қайда баруға болады?