Кеше, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келдіАлғаш рет ауыр атлетикадан Қазақстанның жасөспірімдер құрамасы Бангкокта өткен әлем біріншілігінде үшінші орынға қол жеткізді. Олардың еншісінде барлығы 6 жүлде бер, оның 3-і алтын, күміс және қос қола медаль.
16 жастағы Анатолий Савельев 62 келі салмақта 281 келіні (127+154) бағындырып, қоржынға алғашқы алтын жүлдені салған еді. 85 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Артем Антропов 323 келіні (138+185) еңсеріп, екінші алтынға қол жеткізді.
Қыздар арасында 75 кг. дейінгі салмақта бақ сынаған 15 жасар Ольга Пастухова 211 келі (91+120) көрсеткішімен бірінші орынға табан тіреді.
62 кг. категориясында Дарья Павлова 201 кг (90+111) нәтижесімен күміспен күптелді.
77 келі салмақ дәрежесінде Асылжан Бектай 306 (140+166) ұпаймен үшінші тұғырдан көрінді.
69 келі салмақтағы қыздар арасындағы додада тағы бір отандасымыз Карина Кузганбаева қос сайыс (94+113) нәтижесі бойынша қоржынға екінші қоланы салды.
Осылайша, ерлер мен қыздар құрамасы да үшінші сатыға жайғасып, өрендеріміздің нәтижесі 2018 жылғы жасөспірімдер Олимпиадасына ауыр атлетикадан барлық лицензияны жеңіп алуға мүмкіндік берді.
Кеше, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады