Кеше, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожеліФатима Сұпығалиева Дакарда өтіп жатқан жасөспірімдер Олимпиадасында топ жарды. Финалда осеакоми әдісіне түсіп қалып, 2 секунд қалғанда қарсыластың уысынан сытылып шықты. Артынша «бұл әдісті бұлай емес, осылай жасайды» дегендей София Госпарды тырп еткізбей, қапсыра кұшақтаған күйі жеңісті жұлып алды.
Фатима Сұпығалиева – қазақ қыздары арасында жаөспірімдер Олимпиадасында топ жарған алғашқы спортшы. Осыдан екі ай бұрын жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионы атанғаны тағы бар. Былтыр 29 қазанда ІІІ жазғы жасөспірімдер Азия ойындарында да алтын олжалаған-ды.
Дзюдоны тоғыз жасынан бастаған
Фатима Сұпығалиева 2009 жылы Батыс Қазақстан облысының Теректі ауданындағы Подстепное ауылында дүниеге келген. Әкесі Алтынбек Сұпығалиев – дзюдодан Қазақстанның спорт шебері, самбодан халықаралық дәрежедегі спорт шебері әрі жоғары санатты жаттықтырушы. Сол үшін Фатиманың спортқа келуіне де әкесінің ықпалы зор болды. Оның айтуынша, әкесі кішкентай кезінен спортқа бейімдеп, алғашында гимнастикаға берген. Алайда бұл спорт түрі болашақ чемпионның көңілінен шықпаған. Кейін әкесі мен көкесінің жетістігіне қызығып, дзюдоға бет бұрған.
Кішкентай кезімнен дзюдоны таңдайтынымды білдім. Басында үйдегілер осы спорт түрімен айналысуға рұқсат берген жоқ. Әкем қалауымды білгенімен, «әлі ертерек» деп тоқтатты. Сонымен, әкеммен жұмысқа барып жүріп, татамиден бірақ шықтым, – дейді дзюдошы El Sport YouTube арнасына берген сұхбатында.
Осылайша, ол тоғыз жасынан бастап татамиге шығып, жаттығуды қолға алды. Алғашқы бапкері әрі қазіргі жаттықтырушысы – әкесі Алтынбек Сұпығалиев. Сонымен қатар Ерлан Оңаловтан да тәлім алып келеді.
Алғашқы халықаралық жетістіктері
Фатиманың халықаралық аренадағы алғашқы ірі нәтижелерінің бірі – 2025 жылғы кадеттер арасындағы бәсеке. Ол Антальяда өткен Еуропа кубогында алтын медаль жеңіп алса, Берлиндегі додада күміс жүлдегер атанды. Сондай-ақ Алматыда ұйымдастырылған кадеттер арасындағы Азия кубогында топ жарды.
2025 жылдың қазан айында Бахрейн астанасы Манама қаласында өткен III жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарында да алтыннан алқа тақты. 52 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен қазақстандық спортшы финалда қырғызстандық Милена Боруболотовадан басым түсті. Белдесу небәрі 16 секундқа созылып, Фатима қарсыласын иппонмен жеңді.
2026 жылғы 22 тамызда Фатима Сұпығалиева есімі қазақ дзюдосының тарихында алтын әріппен жазылды. Эквадордың Гуаякиль қаласында өткен кадеттер арасындағы әлем чемпионатында 52 келіге дейінгі салмақта алтын медаль жеңіп алды.
Жас спортшы жарыс барысында бірнеше мықты қарсыласынан басым түсті. Алдымен Люксембург өкілі Соукайна Морейраны, одан кейін мексикалық Констанса Акоста Клаудионы жеңді. Ширек финалда австралиялық Рика Хироседен, жартылай финалда израильдік Яли Яхавтан басым түсті.
Ал финалда украиналық Ксения Кирильчукпен кездесті. Қарсыластар негізгі уақытта бір-бірінің осал тұсын таба алмады. Қосымша уақытта Фатима шешуші әдісін жасап, қарсыласын иппонмен жеңді. Сөйтіп, Фатима Қазақстан тарихында қыздар арасында дзюдодан кадеттер арасындағы әлем чемпионатында алтын медаль жеңіп алған алғашқы спортшы атанды.
Әлем чемпионы атанғаннан кейінгі сұхбатында Фатима жеңіске жетуіне тынымсыз еңбек пен тұрақты жаттығудың ықпал еткенін айтты.
Кішкентайымнан өз өзіммен жарысып жүремін. Қайтсем де бірінші болуға ұмтыламын. Өзіме сондай талап қоямын, – дейді Фатима.
52 келі салмақта Олимпиада чемпионы атанғым келеді
Фатиманың айтуынша, ол осыған дейін жасөспірімдер арасындағы екі әлем чемпионатында ұтылған. Жалпы, ұлттық құрамада жүргеніне 3 жыл толған. Құрамадағы аға жаттықтырушысы Мейірлан Баймаханбетов шәкіртіне үнемі қолдау білдіріп жүрген.
Фатимада чемпионға тән мінез бар. Тәртіпті, жаттығуға 100 пайыз барын салады. Көшбасшылық қабілеті бар. Жаттығу жасаса да, жүгірсе де бірінші келуге тырысады. Осындай қасиетінің арқасында әлемде бірінші болды, – дейді аға жаттықтырушы.
13 жасынан ұлттық құрамаға қосылған бойжеткен үшін алғашында жаттығу жиынына бару қиын болған. Оның айтуынша, жаттықтырушысымен бірге Жапонияға барған алғашқы жаттығу жиыны ерекше есте қалған. тамаққа, уақытқа, өмір сүру салтына үйрену қиынға соққан. Алғаш рет үйден жыраққа кеткен соң, ата-анасын сағынып, көңілі алабұртқан.
Жаттығу жиынында жүруге ек-үш жыл дегенде үйреністім. Бірақ жақында Жапонияда 2 ай оқу-жаттығу жиынын өткіздік. Әкем өзім жүріп-тұрып, жауапкершілікті үйренуім үшін жалғыз жіберді. Басында бәрі қиын болды. Әр жаттығудан кейін өзім анализ жасауды үйрендім. Тренировкадан кейін анализ жасадым, – дейді Фатима Сұпығалиева.
Фатима қазір 52 келіге дейінгі салмақта өнер көрсетеді. Талантты арудың салмақ ауыстыратын ойы жоқ. Кез келген бәсекеге қабілетті. Биыл көп уайымнан салмағын бірқалыпты ұстап тұру қиын болғанымен, бапкерлері барынша көмектескен.
Салмақ жағынан келсек, 52 келіде күресіп жүргеніме бірнеше жыл болды. 2022 жылдың соңына қарай 52 келіге ауыстым. Бірақ биыл жыл басында салмақ жинай бастадым. Стресстен бе, әлде айналамдағы қысымнан ба, салмақты ұстап тұру қиындады.Сонда бапкерлерім жианқталуым керегін айтып, жігерленгдірді. Тамақтану жағына мән бердім. Өз-өзіңді жина, жинал, деп жігерлендірді. Жалпы, ересектер арасындағы Олимпиада ойындарына дейін осы салмақты ұстап тұрсам деймін, – дейді Фатима Сұпығалиева.
Спортшы арудың арманы асқақ. Фатима үшін қарсыласының кім екені маңызды емес. Дзюдошы татамиде бәрінің мүмкіндігі тең екенін алға тартады.
Менімен кім татамиге шыққаны маңызды емес. Олимпиада ойындарының чемпионы болсаң да, кейінгі нәтиже татамиде шешіледі. Ең бірінші, өз-өзіңді жеңу қиын. Өзіңді жеңе алмасаң, алдыңда тұрған қарсыласыңды қалай жеңесің? Дисциплина керек, уақытында ұйықтап, уақытында жаттығу жасаған дұрыс. Жеңіс оңайлықпен келмейді. Өзіңді аямасаң, жеңіске жетемін деп ойлама. Арманым – маған сенім артып отырған әкемнің үмітін ақтау. Алда ересектер арасындағы Олимпиадада, әлем чемпионатында топ жарсам деймін, – дейді Фатима Сұпығалиева.
Спорттан тыс уақытта немен айналысады?
Татамиде қарсыластарына дес бермейтін Фатиманың спорттан бөлек қызығушылықтары да бар. Ол кітап оқығанды, ән айтқанды және сурет салғанды ұнатады. Ал дзюдода үлгі тұтатын тұлғаларының бірі – осы спорт түрінің негізін қалаушы Дзигоро Кано. Сонымен қатар жапониялық дзюдошы Джоширо Маруяманың техникасын жоғары бағалайды.
Фатиманың сүйікті әдістерінің бірі – учи-мата. Бұл әдісті шебер орындау үшін үнемі жаттығып, техникасын жетілдіріп жүреді. Оның айтуынша, дзюдода физикалық дайындықпен қатар төзім мен тәртіп те маңызды.
Кеше, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожеліКеше, 10:44
Формула-1 тарихын жаңартқан Кими Антонелли: 20 жасында чемпион атанған жас жүйрік29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс