Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекҚұрметті қатысушылар, сіздерді Astana Open Dialogue-тың үшінші отырысында қарсы алғаныма қуаныштымын. Бүгін біз маңызды тақырыпты талқылаймыз: «Қазақстан: E-gov-тен AI-gov-ке дейінгі жол — қалайша серпіліс жасауға болады?, – деп сөзін бастаған министр елдің цифрлық даму бағытын таныстырды.
Бүгінде Қазақстан классикалық eGov моделінен жаңа сапалық деңгейге — AI-gov-ке, яғни жасанды интеллектке негізделген мемлекеттік басқару жүйесіне өтуде. Бұл қадам мемлекеттік функцияларды интеллектуалдандыруды, үлкен деректер мен машиналық оқыту алгоритмдерін қолдануды, қызмет көрсетудің проактивті моделіне көшу мен азаматтармен өзара әрекеттесуді жекешелендіруді көздейді. Қазірдің өзінде чат-боттар, дауыс ассистенттері, предиктивті аналитика және шешім қабылдауды автоматтандыру жүйелері енгізілуде, – деді Мадиев.
Осы мықты іргетас негізінде біз Alem.AI халықаралық жасанды интеллект орталығын іске қосамыз. Ертең ашылатын бұл орталық Қазақстанды AI-gov моделіне көшірудің басты драйверіне айналады. Мұнда ұлттық деңгейдегі деректерді талдау, болжам жасау және басқарудың тиімділігін арттыруға арналған шешімдер әзірленеді, – деді министр.
Ең бастысы, AI-gov біз үшін — тек технология үшін технология емес. Бұл — әрбір азаматқа сапалы, әділ әрі ыңғайлы қызмет көрсету жүйесі. Қазақстан тек тұтынушы ғана емес, сонымен бірге алдыңғы қатарлы технологияларды жасайтын және бүкіл өңірдің цифрлық трансформациясына бағыт-бағдар беретін ел болуға ұмтылуда, – деп түйіндеді сөзін Жаслан Мадиев.
Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекКеше, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?