Кеше, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келдіКакаоның қоспалары егде жастағы адамдардың денсаулығына оң әсер ететіні анықталды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Екі жылға созылған зерттеу нәтижесі какао сығындысын тұрақты түрде қабылдау созылмалы қабынудың деңгейін төмендетуге көмектесетінін көрсетті. Бұл туралы америкалық ғалымдар Age and Ageing журналында жарияланған COSMOS атты клиникалық зерттеу қорытындысында хабарлады.
Зерттеуге шамамен 600 қарт ерлер мен әйелдер қатысты. Қатысушылардың бір бөлігі күн сайын флаванолдарға бай какао сығындысын қабылдаса, екінші топқа плацебо берілді. Екі жылдан кейін какао қабылдағандарда қабынудың негізгі маркері саналатын С-реактивті ақуыздың деңгейі бақылау тобымен салыстырғанда 8 пайызға төмен болғаны анықталды. Бұған қоса, иммундық жүйенің қорғаныс қызметіне жауап беретін интерферон-γ белсенділігінің артқаны байқалды.
Ғалымдар мұндай нәтижелерді COSMOS жобасында бұрын тіркелген деректермен байланыстырады: какао сығындысын қабылдағандарда жүрек-қан тамыр ауруларынан болатын өлім-жітім 27 пайызға төмен болған. Әрине, барлық қабыну маркерлері бірдей өзгеріске ұшыраған жоқ, дегенмен зерттеу нәтижелері флаванолдарды тұрақты қолдану жасқа байланысты аурулардың алдын алуға ықпал етуі мүмкін екенін дәлелдейді.
Зерттеушілердің айтуынша, алдағы уақытта какаоның әсер ету тетіктерін тереңірек түсіну және ең тиімді дозаны анықтау үшін қосымша зерттеулер қажет. Дегенмен қазіргі нәтижелердің өзі-ақ какаоны егде жастағы адамдардың денсаулығын қолдаудың қолжетімді әрі табиғи тәсілі ретінде қарастыруға мүмкіндік береді.
Кеше, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады