Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыТүркияның Anadolu Ajansı агенттігінің стратегиялық коммуникациялар және сыртқы байланыстар жөніндегі менеджері Билгехан Өзтүрік жасанды интеллекттің медиасаладағы рөлі туралы айтты, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Билгехан Өзтүріктің сөзінше, жасанды интеллект қазіргі журналистика үшін жаңа сын-қатерлер тудырғанымен, оны дамытуға мүмкіндік беретін құрал ретінде қарастыру маңызды.
Anadolu Ajansı жасанды интеллектіні журналистиканы әлсірететін емес, керісінше күшейтетін күш деп есептейді. Біз технологияны кәсіби тәжірибемізге енгізіп қана қоймай, өзіміз де жасанды интеллект өнімдерін шығарып жатырмыз. Агенттік біртіндеп медиа компаниядан медиатехнологиялық компанияға айналып келеді, – деді Билгехан Өзтүрік.
Ол сондай-ақ агенттік жанынан AA Teknoloji бөлімшесінің құрылғанын атап өтті. Бұл құрылым медиатехнологияларды дамытумен және жаңа IT-шешімдер әзірлеумен айналысады.
Жасанды интеллект өте жылдам дамып келе жатқан технология. Оның қолданылу шекарасын анықтау, авторлық құқық пен ақпарат қауіпсіздігін сақтау – ортақ міндетіміз. Біз бұл бағытта семинарлар, зерттеулер, басылымдар арқылы салаға үлес қосып келеміз, – деп атап өтті ол.
Билгехан Өзтүрік медиа ұйымдарына технологиялық трансформацияны кейінге қалдырмай, саланың болашағын жасанды интеллектпен қатар дамытуға шақырды.
Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді