Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыGoogle компаниясы Gemini чат-ботына жасанды интеллект жасаған контентті ажырататын жаңа мүмкіндік қосты. Бұл жүйе SynthID деп аталатын цифрлық белгі технологиясына негізделген. Ол Google-дың барлық ІІ-сервистерінде жасалған сурет, видео секілді материалдарға арнайы таңба қойып, олардың шыққан тегін анықтауға көмектеседі.
Енді Gemini қолданушылары кез келген суретті немесе видеоны жүктеп, оның жасанды интеллект арқылы жасалған-жасалмағанын тексере алады. Компанияның мәлімдеуінше, жүйе Veo және Nano Banana моделдерімен жасалған материалдарды логотип не белгі өшіріліп тасталса да танып шығады.
Gemini мұнымен шектелмейді: егер видео нейрожелі арқылы өңделсе, құрал ондағы ІІ-таңба бар фрагменттерді бөлек көрсетіп береді.
Google бұл функцияны енгізу жоспары туралы 2025 жылдың қарашасында мәлімдеген еді.
Бұдан кейін компания Nano Banana Pro атты жаңартылған сурет генерациялау моделін ұсынды. Қолданушылар бұл технологияның адам бейнесін өте шынайы шығаруға қабілетті екенін айтып, ІІ-контентті міндетті түрде таңбалау мәселесі қайта қызу талқыланды. Әсіресе әлеуметтік желілерде заң деңгейінде реттеу қажеттігі жиі айтылуда.
Ал видеоны генерациялау үшін Google Veo моделдерін қолданады: Veo 2, дыбыспен жұмыс істейтін Veo 3 және жетілдірілген Veo 3.1 нұсқалары қолжетімді.
Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді