29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындыларыХалықаралық футбол федерациясы (FIFA) алдағы әлем чемпионаты қарсаңында төрешілік сапасын арттыруға бағытталған жаңа технологиялық шешімдерін таныстырды. Бұл жолы басты назар офсайд жағдайын анықтау үдерісін барынша дәл етуге аударылып отыр, деп хабарлайды El.kz интернет-порталы euro-football.ru сайтына сілтеме жасап.
FIFA мәліметіне сәйкес, турнирге қатысатын әрбір футболшы жасанды интеллектке негізделген жаңартылған 3D-сканерлеу жүйесі арқылы гиперреалистік цифрлық аватарға айналады. Ойыншылар жарыс алдындағы дәстүрлі фотосессия кезінде жоғары технологиялы арнайы сканер-камерадан өтеді. Аталған үдеріс өте жылдам жүзеге асады – бір футболшыны сканерлеуге бар болғаны бір секунд уақыт қажет.
Алынған деректер жартылай автоматтандырылған офсайдты бақылау жүйесіне енгізіледі. Бұл технология ойыншылардың әрбір қозғалысын бұрын-соңды болмаған дәлдікпен тіркеуге мүмкіндік береді. Соның нәтижесінде даулы сәттердегі төрешілер шешімінің нақтылығы артып, адам факторынан туындайтын қателіктерді барынша азайту көзделіп отыр.
FIFA өкілдері жаңа жүйе әлем чемпионатындағы әділдік пен ойын сапасын жаңа деңгейге көтереді деп сендіреді.
29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек