Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекӘлемнің көптеген елінде денсаулық сақтау жүйесі кадр тапшылығы мәселесімен бетпе-бет келіп отыр. Дәрігерлер мен медициналық қызметкерлерге түсетін жүктеменің артуы жаңа технологияларды енгізуді жеделдетті. Соның бірі – жасанды интеллект негізінде жұмыс істейтін AI агенттері.
АҚШ-тағы Нью-Йорк қаласында орналасқан Hospital for Special Surgery ауруханасы әкімшілік және клиникалық емес міндеттердің бір бөлігін AI агенттеріне сеніп тапсырған. Бұл технологиялардың басты мақсаты – дәрігерлерді қағазбастылықтан босатып, олардың уақытын науқастарды қабылдау мен емдеуге бағыттау.
Мамандардың айтуынша, бұрын бірнеше аптаға дейін созылатын сақтандыру төлемдерін өңдеу процесі енді небәрі бес минут ішінде аяқталады. Сонымен қатар өтінімдерді сәтті өңдеу көрсеткіші 65 пайыздан 100 пайызға дейін артқан.
AI агенттерінің ерекшелігі – олар қарапайым цифрлық жүйелер секілді тек ақпаратты тіркеп немесе өңдеп қана қоймайды. Жүйе аурухананың ішкі ережелерін, жұмыс алгоритмдерін және білім қорын пайдалана отырып, күрделі жағдайларды талдай алады.
Мысалы, науқастың шағымын, сақтандыру шарттарын және орналасқан жерін ескере отырып, оны қажетті маманға автоматты түрде жазып қояды. Осылайша медициналық ұйымдардың жұмысы жеделдеп, пациенттерге қызмет көрсету сапасы артады.
Дегенмен мамандар жасанды интеллект дәрігерлерді толық алмастырмайтынын атап өтеді. AI агенттері тек көмекші құрал ретінде пайдаланылады. Күрделі немесе күмәнді жағдайлар міндетті түрде адам маманның қарауына жіберіледі. Соңғы шешімді әрдайым дәрігер қабылдайды.
Сарапшылар пікірінше, мұндай технологиялар алдағы жылдары медицина саласындағы әкімшілік жұмыстың едәуір бөлігін автоматтандырып, денсаулық сақтау жүйесінің тиімділігін арттыруға көмектесуі мүмкін.
Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекКеше, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?