Кеше, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келдіКөпшіліктің сүйікті әншісі Жұбаныш Жексенұлы 50 жасқа толды. Әншінің ұлы әкесіне арнап жантебірентерлік жазба жариялады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Жұбаныш Жексенұлының тұңғыш ұлы Әбілқайыр (Абик) Жексен әкесі 50-ге келсе де жас жігіттей жарқырап жүргенін атап өтті.
Әкелік тәрбие маған өмірде темірқазықтай жол көрсетіп, бағдаршамдай жол сілтеп келеді. Бойыңдағы өжеттілік пен қайсарлықты, мейірімділік пен байсалдықты, кеңпейілділік пен жомарттықты, өмір мен музыкаға деген құштарлықты өз бойыма сіңіріп келем. Әлі де өзіңнен үйренеріміз көп. Сенің жанымызда жас жігіттей жарқырап, жүзіңнен күлкі кетпей, жанымызда жадырап жүргенің, жанға тыныштық ұялатып, қамқорлықтың бар екенін сездіреді. Отбасымыз аман, деніміз сау боп, мама екеуіңіз ұзақ, бақытты ғұмыр кеше берулеріңізді тілеймін! Шабытыңыз таусылмай, халықтың ылғи ыстық ықыласы мен қошеметіне бөленіп, биік шыңдардан әрдайым көрініп, көз алдымызда күліп ойнап жүре беріңіз, “Үлкен Жігіт” боп өсе беріңіз! Әлі талай аттанамыз ұзақ жолға!, - деп жазды ол.
Кеше, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады