Кеше, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлікАстанада алаяқтықпен айналысып жүрген 21 жастағы жігіт ұсталды. Полиция мәліметінше, оның 7 қылмысқа күдікті екені анықталған, деп хабарлайды Polisia.kz-ке сілтеме жасап El.kz ақпарат агенттігі.
Жас жігіт уақытша пайдалануды сылтауратып ойын приставкаларын жалға алып, ломбардқа өткізген. Тапқан табысты өз қажеттілігіне жұмсап келген. Кейін жәбірленушілермен кездесулерден қашып, олардың телефон қоңырауларына жауап беруді тоқтатқан.
Полицейлердің айтуынша, ол бір фактімен тоқтамай, адамдарды алдауды жалғастырған. Сайттардан ойын приставкаларын жалға беру хабарландыруларын тауып, оның иелерімен хабарласып, жалға алған. Осылайша құны 5 млн тұратын жеті Playstation 5 ойын приставкасын алдап алған.
Қылмыстық іс тіркелді. Заттай айғақтар ломбардтан тәркіленді.
Кеше, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер