20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекЩучинск қаласында «Жас ұлан» республикалық мектептері мен әскери колледждердің тәрбиеленушілері арасында әскери-спорттық ойындар өтті, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Жарысқа алты команданың атынан 70-тен астам тәрбиеленуші қатысты. Жарыс бағдарламасына президенттік сайыстар мен армиялық гір көтеру бойынша чемпионат кірді.
Сынақтарға пневматикалық қарудан ату, белтемірге тартылу, 3 шақырым шаңғымен жүгіру кірді. Армиялық гір көтеру спортында қолды кезек-кезек ауыстыра отырып, белгіленген салмақты көтеру міндеттелді.
Президенттік жарыс қорытындысы бойынша бірінші орынды Алматы қаласындағы «Жас ұлан» республикалық мектебінің командасы, екінші орынды Шымкент қаласының жас ұландары, үшінші орынды Астана қаласындағы әскери колледждің тәрбиеленушілері иеленді.
Армиялық гір тасын жұлқи көтеруде Шымкент қаласының «Жас ұлан» республикалық мектебінің құрамасы, екінші орында Астана қаласының әскери колледжі, үшінші орында – Алматы қаласының тәрбиеленушілері.
20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?