30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тарттыКадеттер арасында таэквондодан әлем чемпионатының екінші күнінің қорытындысы бойынша қазақстандық спортшылар 2 алтын, 3 күміс және 1 қола медаль жеңіп алды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Босния мен Герцеговинаның астанасы Сараево қаласында кадеттер арасында таэквондодан әлем чемпионаты өтіп жатыр. Екінші жарыс күнінің қорытындысы бойынша Қазақстан командасы 6 медаль жеңіп алды, оның ішінде 2 – алтын, 3 – күміс және 1 – қола жүлде бар.
Бауыржан Исамедин (категориясы 164 см-ге дейін) және Таисия Боровикова (164 см) алтын медаль алды. Күміс жүлдегерлер - Нұрперзент Саматұлы (160 см), Назерке Жаңаберген (144 см) және Әділет Шері (156 см). Қола жүлдені Дінмұхамед Толыбай (152 см) жеңіп алды.
Жеткіншіктерімізді әлемдік біріншілікте табысты өнер көрсетуімен құттықтаймын, бұл өте жақсы нәтиже. Спортшыларды даярлаумен айналысқан жаттықтырушылардың жұмысын ерекше атап өткім келеді, алдағы жарыс күндерінде де еліміздің құрамасына сәттілік тілеймін, - деп атап өтті ҚР МСМ Спорт комитетінің төрағасы Ербол Мырзабосынов.
Аталған әлем чемпионаты 31 тамызда аяқталмақ.
30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тартты29 Шілде, 13:10
Жаңа пандемия кез келген уақытта басталуы мүмкін: ДДҰ не дейді?27 Шілде, 18:09
«Бәрі қаржыға байланысты»: Неліктен «Қайрат» еурокубоктағы матчын Түркістанда өткізеді24 Шілде, 11:39
Мадина Ералиеваға құрмет: Ерке Есмахан үш жылдық үзілістен соң сахнаға оралды